Сондай-ақ, облыс әкімі Шарбақты ауданында да болып, ондағы көктемгі дала жұмыстарының барысымен танысты. Ауданда биыл алғаш рет соя мен зығыр егіледі. Ал, былтырдан бері қарбыз егуді қолға алған. Ауданда болып жатқан өзге де елеулі жаңалықтарды тілшіміз баяндайды.
Шарбақты ауданында 2025 - жылы жалпы 213 138 гектар алқапта егін егу жоспарланған, оның ішінде дәнді дақылдар 137 353 гектар, майлы дақылдар 48 435 гектар, картоп 340 гектар, көкөністер 151 гектарда отырғызылады. Былтыр егіс алқабы 206 мың гектарды құраған.
Жергілікті өнімді қолдау қажет
Бұл «Жолнеркевич» жеке кәсіпкерлігінің өнім өңдеу цехы. Бұнда келесі жылдан бастап сұлы өнімдерін өңдеу цехы іске қосылмақ. Жоба «Даму» қорының қолдауына ие болған. Қазір бұнда бидай, арпа, тары өңделуде. Аймақ басшысы кәсіпорынға қолдау көрсету керектігін айтты.
«Антошка» қожалығында 370 тен астам жылқы бордақылануда
Ал, «Антошка» шаруа қожалығында қазір 370 тен астам жылқы бордақылануда. Еті мол, сүбесі қалың жылқылардың кейбірің салмағы бір тоннадан асады. Фермер келесі жылы мемлекеттік қолдау бағдарламасы бойынша ірі қара өсіруге ниетті.
М. Әлімбаев көшесі жөнделді
Ауданда биыл халыққа қажетті бірқатар жобалар іске асқан. Мәселен, негізгі көшелердің бірі саналатын Мұзафар Әлімбаев көшесі жөндеуден өткен. Бұдан да өзге маңызды жобалар іске асты.
Ал, мына сквер демеушілік қаражат арқылы салыныпты. Құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Бұнда балалар ойын алаңы, спорттық алаңқайлар бар.
Бұдан соң аймақ бысшысы Маарлды көлінің жағасына барды. Ондағы туристік кезеңге дайындақ барысын тексерді. Кәсіпкер Гүлмиар Отарғаливева атқарылып жатқан шаралар барысын баяндады. Жағажай аумағында төрт тамақтану орны ашылады. Асайын Байханов кешенді абаттандыру жұмыстарын жүргізу жолдарын қарастыру үшін облыстың архитектура басқармасына, урбанистермен бірге Маралды көліне баруды тапсырды. Маралды көлі туристтерді 14-маусымнан бастап қабылдай бастайды.
Жанасыл Серікбол