Бүгін бастауыш сынып оқушылары үшін соңғы қоңырау соғылды. Павлодарда М.Жүсіп атындағы мектепте 800 ден аса бала білім алады. Ал бастауыш сыныпта 370 оқиды. Толығырақ салтанатты шараға қатысып қайтқан тілші әңгімесінде.
Мерекелік шара мың бұрала билеген оқушылардың әсем биімен басталды. Одан кейін мектеп алаңында сап түзеп, бастауыш сынып оқушылары тізілді. Жыл бойы шәкіреттердің қол жеткізген жетістіктері айтылды. Мектеп оқушылары білім бәйгелерінде топ жарып, олимпиада жеңімпаздары, спорт шеберлері, болашағынан үлкен үміт күттірер шәкірттер көп.
Ризагүл Сәденова, Павлодар қаласы М.Жүсіп атындағы ЖОББМ басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Бастауыш буында бізде 370 ке жуық оқушы бітіргелі отыр. 4 сыныпты бітіретін 98 оқушыға жуық бала. Әрбір баланың қабілетіне байланысты әртүрлі шараларға қатыстырдық. Қалалық облыстық деңгейге әкеліп жатқан жетістіктері өте мол. Кеше бізде өткен жұлдыздар шеруі топ жарып шыққан белсенді оқушыларды атап өтіп марапаттадық. ///00:36///СКЛЕЙКА/// 01:21/// Бастауыш сынып оқушылары міндетті түрде жазғы сауықтыру лагерімен қамтылады. Қазір ата-аналармен жұмыс жасап бос уақытын қамтамасыз етілуін қадағалаудамыз.
Күннің алтын шуағына бөленген балалардың жүзінен қуаныш пен толқыныстың ізі байқалды. Салтанатты сәт барысында оқушылар алдағы жазғы демалысты қалай өткізетіндері туралы ойларымен бөлісті.
Амина Тоқпанова, Павлодар қаласы М.Жүсіп атындағы ЖОББМ 4-сынып оқушысы
Қазір мектеп аяқталды. Демалыс басталды. Мен тренировкаға барамын. Ата-анаға көмектесемін. Демалысты жақсы өткіземін.
Еркежан Мұхаметжан, Павлодар қаласы М.Жүсіп атындағы ЖОББМ 4-сынып оқушысы
Бұл оқу жылы өте жақсы өтті. Мен үздік бағаларға бітірдім. Барлық оқушыларға үздік бағаларды алуды тілеймін. Жаз өте жақсы өтсін.
Білім ошағынан биыл 62 түлек қанат қағады. Жалпы, Павлодар қаласында биыл 11-сыныпты 1 856 оқушы аяқтайды. Олардың 53-і – «Алтын белгіге», 120-сы – үздік аттестатқа үміткер.
Әйгерім Тоқпанқызы