Бұл көрме «Болашақ қуаты» энергиясының арқасында Еліміздің Дамыған елдер аренасында Қазақстанның атын жаңа бір қырынан паш етпек. Халықаралық көрме ТМД елдерінің ішінде тұңғыш рет біздің республикамызда өтпек. Көрмені өткізу жұмыстарына отандық компаниялар жұмылдырылып, мыңдаған адамдар жұмысқа тартылды. Құрылысқа  отандық шикізат өнімдері  қолданылды. Қазақ жері табиғи қазба-байлықтарға толы. Экспо-2017 көрмесі арқылы желден қуат алатын энергетикалық кешендер, күн батареялар өндіретін зауыттар ашылды. Бұл елдегі табиғи ресурстарды үнемдеуге жол ашады.

ДАНА ТӨКЕНОВА, Экономика ғылымдарының магистрі

Бәрімізге белгілі Экспо көрмесі 10 маусымда басталып,10 қыркүйекке дейін жалғасады. Таңдалған тақырып «Болашақ қуаты». Қазіргі таңда тек қана Астана қаласынан басқа біздің аймағымызда да тың өзгерістер орын алмақ. Көптен бері елдің көкейінде жүрген  Баянауыл ауданына апаратын тас жол жөнделмек. Осыдан кейін Баянауыл өңірінде жол сапасы жақсарып, әлемнің әр түкпірінен келген қонақтарды қабылдауға дайындалу үстінде. Бұл өңірдің экономикасымен қатар, туризм, мәдениет саласының да дамуына ат салыспақ.

АЗАМАТ ҚАҒИБАТ, Сарапшы

Туристерді қарсы алу масқатында елімізде еріктілер жасағы құрылды. Бүгінде олардың алдына әр өңірдің тарихын білу, қонақтарды қарсы алу, елімізді туристерге таныстыру міндеті қойылды. Қазіргі кезде олар ағылшын, қытай, француз, неміс тілдерін үйренді. Сонымен қатар топпен жұмыс істеу үшін  ұйымшылдыққа байланысты тренингтерден өтіп дайындықтарын пысықтады.  

СҰЛТАН ӘСЕНОВ, ерікті

Дүниежүзілік көрменің Қазақстанда ерекше өтетінін атап өтуге болады. Бір ғана саламен шектелмей, көптеген салалардың дамуына өз әсерін тигізбек. Көрме барысында қазақстанға келушілерге қазақтың қонақжайлығымен танысып, ұлттық ән-күйімізбен сусындайтын болады.