Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің облыстық департаменті мемлекеттік қызметкерлердің құқығын қорғау жолында бірқатар шаралар атқарған. Департаментке осы мәселе бойынша ағымдағы жылы 190 нан астам өтініш келіп түскен. Сондықтан бірқатар мемлекеттік мекемелер тексерілген. Атап айтқанда 4 жоспарлы, 21 жоспардан тыс тексеру жүргізілген. Сонымен қатар мемлекеттік қызметкердің жұмыс уақыты режимінің сақталуы бойынша да 16 мониторинг жүргізілген.