Абай күнін атап қт Аккулы ауданында 10 жыл бұрысн басталған. Аудан орталығының төріндегі ақын мүсіні осының айғағы. Абайтанушы, академик Ғарифолла Есім бас болып Аққулы Абай мүсінін орнатқан еді. Бүгінгі шараға қатысқан қонақтар да дәл сол жерге келіп, данышпанның қадірі мен қасиеті жайлы толғады.

Айзада Құрманова, Павлодар облысы әкімінің орынбасары:

Абайдың мұрасы ол халықтың бірлігі. Абайдың өсиеті халықтың руханияты. Бес асыл деп танылған өшпес құндылықтарымыз. Абайдың жолы қазақтың жолы. Жаңа Қазақсатнның жолы. Әділдік, ауызбіршілік, ынтымақ жолы.

Абай- кешегі де, бүгінгі де қазақтың баағсын берген ақын. Оның сөзі бүгінде шартарапқа жетіп, алты құрлықты аралаған.

Ғарифолла Есім, абайтанушы, академик:

Мына әлемге бізді танытатын қандай күштер? Абай сияқты күштер. Сіздердің де іштеріңізден сондай адамдар шығады деп ойлаймын. Рахмет.

Алыс-жақыннан келген қонақтар ақын мүсінінің алдына гүл шоқтарын қойды. Бүгінгі ақындар арнау айтты. Жас толқын, оқушылар Абайға жүрекжарды арнауларын жеткізді.

 

Жанасыл Серікбол