Негізгі Жаңалықтар Agro qoldau: қаржыландыру және даму

Agro qoldau: қаржыландыру және даму

Павлодар облыстық «Әділет» партиясы филиалында «AGRO QOLDAU: қаржыландыру және даму» атты консультациялық шарасы өтті. Мұнда ауыл кәсіпкерлері мемлекеттік қолдаудың қолжетімді шаралары туралы ақпарат алып, бизнесті ашу және кеңейтуге арналған жаңа мүмкіндіктермен танысты. Сондай-ақ жұмыс барысында кездесетін өзекті мәселелер бойынша сұрақтарына жауап алды.



Кездесуге қатысушылардың сұрақтарына қаржы институттары мен мемлекеттік органдардың өкілдері жауап берді. Кәсіпкерлерді, ең алдымен, жеңілдетілген несие беру шарттары, ауыл шаруашылығы техникаларын лизингке алу, субсидия алу мүмкіндіктері және мемлекеттік қолдаудың басқа да шаралары қызықтырды. Кездесуде «Ауыл аманаты» жобасына ерекше назар аударылды. Бағдарлама ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлерге жылдық 2,5 пайыздық мөлшерлемемен жеңілдетілген микрокредит беруді көздейді. Қаражатты жеке кәсіпті бастауға немесе бизнесті кеңейтуге бағыттауға болады.

Кеңес беру барысында ауыл кәсіпкерлерін қолдауға бағытталған қолданыстағы бағдарламаларды талқылаумен қатар, нақты мәселелер де қаралды. Мәселен, Шарбақты ауданынан келген қолөнер шебері Ардақ Қатай ісін әрмен қарай дамыту үшін берілетін мемлекеттік грантты алу жолдарын білгісі келген. 

Кездесуде өз кәсібін енді бастауды жоспарлап жүрген ауыл тұрғындарына да ерекше көңіл бөлінді. Консультациялық алаң бірнеше сағат жұмыс істеп, мамандар ондаған адамға кеңес алды. 


Ермек Сапаров



Бөлісу