Негізгі Жаңалықтар Криминалистикалық полигон ашылды

Криминалистикалық полигон ашылды

Торайғыров университетінде «Трасология» оқу полигоны ашылды. Енді жоғары оқу орнының студенттері адамдардың, көліктердің және құрал-саймандардың іздерімен тәжірибе жүзінде жұмыс істеуді тереңірек меңгереді. Толығырақ әріптесім жалғастырады.


Ашылу салтанатына оқытушылар мен студенттер, сондай-ақ облыстық полиция департаментінің өкілдері мен криминалист мамандар қатысты. Олар бұл жаңа полигонның студенттерге теориялық білімін шынайы жұмыс жағдайына жақындатылған ортада қолдануға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Нұрлан Медетов, Торайғыров университетінің ректоры

Бүгін «Трансология» кабинетін ашып жатырмыз. Университетімізде жүзеге асырылып жатқан бағдарлама аясында жылына бір мамандандырылған кабинет немесе кабинет ашуды мақсат етіп қойдық. Міне, Юрий Юрьевич атап өткендей, бұл кабинет студенттердің тәжірибелік дағдыларын шыңдайды.

Бұл оқу алаңында екі бөлме бар, олардың іші нақты оқиға орнына ұқсас етіп жабдықталған. Сабақ барысында тәжірибелі криминалистің күнделікті жұмысында атқаратын міндеттерін орындауды үйренеді.

Юрий Колесников, Торайғыров университеті экономика және құқық факультетінің деканы

Бөлмелердің әрқайсысы түрлі қылмыстық оқиғаға арналады. Мәселен, біріншісінде – адам өміріне немесе денсаулығына зиян келтірген жол-көлік оқиғасы, ал екіншісінде саябақта орын алған бұзақылық жағдайы көрсетіледі. Біз бұл жерде студенттер оқиға орнындағы қажет іздерді дұрыс табуды, оларды қалай анықтап, тіркеп, өлшеп, қылмысты ашу үшін тергеушіге беру қажет екенін үйретеміз. 01:32 СКЛЕЙКА 00:36 Факультетіміз теорияны тәжірибемен ұштастыруға баса мән береді. Сондықтан осы криминалистік полигон ашылды. Мұнда студенттерге ішкі істер органдарының тәжірибелі тергеушілері мен криминалистері сабақ өткізеді. Осылайша, жастар университетте алған білімдерін көрсетіп, іздермен жұмыс істеу дағдыларын жақсарта алады. 

Полиция департаментінің қызметкерлері жоғары курс студенттері үшін шеберлік сағатын өткізді. Олар масштабты сызғышты қолдана отырып, іздерді суретке түсіруді және олардың параметрлері мен қозғалыс бағытын анықтап, орналасу сызбасын жасауды көрсетті.

Диана Лутфуллина, студент

Аталған алаң – біздің университеттегі екінші полигон. Біріншісінде фотороботтарды зерттеуге арналған арнайы компьютерлерімен жабдықталған бөлме бар. Өзіміз оқуды аяқтауға таяғанымызбен, осындай жаңа полигонның ашылғанына қуаныштымыз. Бізден кейінгі студенттер үшін бұл – керемет мүмкіндік. Олар енді қылмыс түрлерін тәжірибе жүзінде көріп, іздерді дұрыс жинауды әлдеқайда терең меңгере алады.

Қазір экономика мен құқық факультетінде 1700-ге жуық студент білім алады. Ал олардың шамамен 300-і құқық қорғау органдарында қызмет етуді жоспарлар отыр. Сондықтан жаңа полигон студенттердің университет қабырғасынан бастап-ақ кәсіби маман ретінде шыңдалуына үлкен үлес қосатын маңызды орталыққа алмақ.

Жұлдыз Қабылденова


Бөлісу