Негізгі Жаңалықтар Қарттарға құқықтық кеңес берілді

Қарттарға құқықтық кеңес берілді

Қазан айының алғашқы күні қарттарға арналған. Осы орайда өңірде көптеген шаралар өтуде. Қарттарға деген қамқорлық атаулы күн өткен соң да жалғасады. Бүгін әділет департаментінің мамандары қарттармен жолығып, құқықтық кеңес берді. 

Павлодарлық егде жастағы тұрғындар телефон алаяқтарының нысанасына жиі айналады. Зейнеткерлердің өздері бейтаныс адамдармен болған ондаған телефон әңгімесін мысалға келтірді. Алаяқтар түрлі сылтауларды айтып, олардың ақшасын иемденуге тырысқан. Қаскөйлер өздерін банк қызметкері, құқық қорғау органдарының немесе мемлекеттік мекемелердің өкілі ретінде таныстырады. Олар күдікті операциялар жасалғаны туралы хабарлап, әңгімелесушіні мүмкіндігінше тез әрекет етуге мәжбүрлеуге тырысады. Мұндай жағдайда мамандар сабыр сақтауға, бөгде адамдарға банк картасының деректерін, SMS арқылы келген кодтарды және басқа да құпия ақпаратты айтпауға кеңес береді.

Аслана Байзақова, Павлодар облыстық әділет департаментінің мәжбүрлеп орындату жөніндегі ауданаралық аумақтық бөлімінің басшысы

Біздің құрамымызда заңгер-кеңесшілер, адвокаттар, нотариустар және Әділет министрлігінің қарамағындағы басқа да мамандар бар. Олар алаяқтардың қулығын қалай тануға болатынын және қаскөйлердің құрбаны болып қалған жағдайда не істеу керектігін түсіндіреді. Сондай-ақ сақтық шараларына да ерекше көңіл бөлеміз. Өйткені қазір цифрлық сервистер белсенді түрде енгізіліп жатыр, ал олардың мүмкіндіктерін түсіну кейде оңай емес. Бұдан бөлек, мамандар кездесуге қатысушыларды әділет органдарының жұмысындағы жаңалықтармен таныстырып, барлық қызықтырған сұрақтарға жауап береді. 

Ардагерлер кеңесі қарияларға арналған әр түрлі шараларды жиі өткізетіндігін айтады. Айтуларынша аға буцынға қаморлықтың әркез керек. Ғұмырларын осы қоғамға арнаған жандарды бүгінгі жастар назарға алса дейді. 

Кездесу барысында мамандар зейнеткерлердің өтініштері мен сауалдарына егжей-тегжейлі жауап-берді. 



Бөлісу