ІІМ дәрілік заттардың заңсыз айналымына тосқауыл қойып жатыр
ІІМ «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында дәрілік заттардың заңсыз айналымына тосқауыл қойып жатыр. Жыл басынан бері денсаулық сақтау органдарымен бірлесіп, азаматтардың денсаулығын қорғауға және құрамында психотроптық, күшті әсер ететін заттар бар дәрілік препараттардың заңсыз айналымына тосқауыл қоюға бағытталған "Дәрмек" жедел-профилактикалық іс-шарасын тоқсан сайын өткізіп келеді.