Негізгі Жаңалықтар Фестиваль аясында «Томирис» қойылымы сахналанды

Фестиваль аясында «Томирис» қойылымы сахналанды

Павлодарда театр өнерінің бірнеше күндік шеруі өтіп жатыр. «Ертіс-Баян» II республикалық фестиваліне еліміздің әр өңірінен шығармашылық ұжымдар жиналып, көрерменге түрлі жанрдағы қойылымдарын ұсынуда. Фестиваль сахнасында Алматы қаласының келген Асанәлі Әшімов атындағы театры өнер көрсетті. Ұжым көрермен назарына «Томирис» қойылымын ұсынды.


Қойылымда сақ патшайымы Томиристің өмірі мен тұлғасы дәстүрлі тарихи драма үлгісінде емес, заманауи сахналық тіл арқылы көрсетіледі. Авторлар басты назарды билік иесінің ішкі толғанысы мен ел алдындағы жауапкершілігіне аударған. Томирис бейнесін актриса Мадина Оспан сомдады.

Мадина Оспан, актриса

Енді рөлім туралы айтатын болсам, бұл патшайым, жай ғана адам емес. Күллі сақ даласының патшайымы, сондықтан бұндай рөлдерді ойнау оңай емес, тарихын білу кересің. Томирис болғанын білу керек, оның тегін, өткен өмірін білу маңызды. Сондықтан бұндай ауқымды рөлдерді сомдау әр актриса үшін бақыт, бақ. Сонымен қатар, қиындығы да қатар жүреді. Оңай емес, әр ойнаған сайын актер шыңдалады. Рөлі де шыңдалады. Сондықтан бәрі әлі алды. 

Қойылымның ерекшелігі оқиғаның сөзден гөрі қимыл мен бейнелі шешімдер арқылы берілуінде. Сахнадағы әрбір әрекет көрерменге өзінше ой салады. Режиссер тарихи туындыны жаңа қырынан ұсынып, Томирис образын бүгінгі көрерменге жақын сахналық тілмен жеткізуге ұмтылған.

Салтанат Мақсұт, А. Әшімов театрының көркемдік жетекшісі

Томирис шығармасы қазақ театр саханасында бірнеше мәрте қойылды, тарихи драма ретінде де. Ал біз оны перформанс ретінде алдық. Себебі жас режиссер Томирис романына жаңаша бағытта, жаңаша оқылыммен, жаңаша трактовкамен келді. Сахнада сөз аз, әрекет көп. Метафорлық, символикалық шешімдер өте көп. Романды толық оқыған адам, актерлердің әрекетінен сахнада не болып жатқанын түсінді деп есептеймін. Біз бір-ақ күн прагон жасап, екінші күні премьера ойнадық. Бұл біздің үшінші прагонымыз болып есептеледі. Үшінші рет ойнап тұрып, осылай өнер көрсетсек, бұл актерлердің жанкешті еңбегінің арқасында. Менің ойымша, халықтың көңілінен шықты. 

Фестиваль аясында көрермендер театр өнерінің сан алуан бағыттағы үлгілерін тамашалауда. Әр ұжым өз қойылымы арқылы өзіндік қолтаңбасын танытып, сахна мәдениетінің жаңа ізденістерін көрсетіп келеді. 


Сабина Жолдаспаева 





Бөлісу