Облыстық мәслихат кезектен тыс сессия өткізді
Павлодарда өткен облыстық мәслихаттың кезектен тыс отырысында депутаттар бірқатар маңызды мәселені талқылады. Күн тәртібіндегі басты тақырыптардың бірі өңірдегі аумақтық сайлау комиссиясының құрамын жаңарту болды.
Аймақта сайлау мен референдум өткізуге жауапты басты органның құрамын жаңарту жұртшылық ұсынған үміткерлерді таныстырудан басталды. Талқылау мен дауыс беру нәтижесінде депутаттар аумақтық сайлау комиссиясының жаңа мүшесін бекітті.
Ирина Назарчук, Павлодар облыстық мәслихаты төрағасының міндетін атқарушы
Тағы бір маңызды мәселе – тексеру комиссиясы төрағасының өкілеттігі 28 қыркүйекте аяқталған, сондықтан жаңа төрағаның тағайындалуына дейін, міндетін атқарушыны анықтау қажет болды. Бұл қызмет тексеру комиссиясының мүшесі Жанат Демеуовке сеніп тапсырылды.
Заңнамадағы өзгерістер де назардан тыс қалмады. Атап айтқанда, Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамы талқыланды. Жаңа қағидаға сәйкес, енді жергілікті атқарушы органдар аталған комиссияның дербес құрамын бекітеді және жұмысын үйлестіреді.
Жұлдыз Қабылденова