«Қызыл крест» және «Қызыл ай» қоғамы бір жарым ғасырдан астам тарихы бар әлемдегі ең байырғы ұйым. Жалпы, жер жаһандағы гуманитарлық қозғалыстың, ой-сананың қалыптасуы осы ұйымның сан жылғы еңбегінің жемісі. Биыл Қызыл айға 155 жыл толды. Бүгінде оның бөлімшелері барлық елде жұмыс істейді. Ұйым негізінен соғыс өрті шарпыған, аштыққа, кедейлікке ұшыраған елдерде шоғырланып, медициналық, гуманитарлық көмек көрсетеді. Ұйымның Қазақстанда жұмыс істей бастағанына биыл 81 жыл. «Қызыл ай» бейбіт елдерде де белсенді қызмет атқаруда.
Салтанатты жиында көп жылдар бойы «Қызыл ай» қоғамның мүшесі болып келе жатқан адамдар марапатталды. Олардың қатарында түрлі сала мамандары – дәрігерлер, мұғалімдер, әлеуметтік қызметкерлер бар. Олар Қазақстанда бейбітшіліктің сақталуына, төтенше жағдай кезінде гуманитарлық көмек ұйымдастыруға өз үлестерін қосып келеді. Мәселен, Шығыс Қазақстанда орын алған су тасқыны кезінде «Қызыл ай» мүшелері азық-түлік жинауға, апат зардабынан соң қалыпқа келтіру жұмыстарына қол ұшын берді.
Қуандық ТАНАБАС
Павлодар жаңалықтары, Павлодардағы оқиғалар, Павлодар қаласының соңғы жаңалықтары,