Ел бойынша күзгі әскерге шақыру шарасы басталды. Биылғы науқанда 664 азамат әскер қатарына қосылады деп жоспарланған. Қорғаныс істері департаменті мамандары жасөспірімдердің денсаулығы мен физикалық дайындығы қатаң ескерілетіні жайында айтты.

Отан алдындағы борышын өтеуге жас сарбаздар Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы, Қарулы күштері, Шекара қызметі, Төтенше жағдайлар министрлігі мен Күзет қызметі қатарында әскери борышын өтейді. Жалпы Павлодар өңірі бойынша әскер қатарына 20 мың азамат шақырылуы тиіс. Алайда, олардың 16 345-і оқуына байланысты, 1 141-і отбасылық жағдайына байланысты, ал 294 азамат басқа да себептерге байланысты әскери қызметтен уақытша кейінге қалдырылды.

 Бекзат Оразов, Павлодар облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы

Оның ішінде шекара қызметі 65 адам. Қарулы күштеріне 320, ұлттық ұлан 250, тжм 20 және мемлекет күзет қызметіне 9 адам. Ағымдағы жылы күзінде шақырылатын жасөспірімдердің саны осы берілген тапсырмаға байланысты шақырамыз.

Әскер қатарына шақырылмас бұрын ел азаматтары қатаң бақылаудан өтеді. Арнайы комиссия денсаулығы мен физикалық дайындығын тексереді.Айта кетейік, қазір жастар өз өңірінде қызмет ету мүмкіндігі де қарастырылып отыр.Жасөспірімдер, әсіресе қарулы күштер мен шекара қызметіне шақырылғандар, өздерінің туған жерінде немесе оған жақын маңда орналасқан әскери бөлімдерде қызмет атқаруға мүмкіндік алады.

Бекзат Оразов, Павлодар облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы

Және де осының ішінде кетіп бара жатқан Жасөспірімдер әскерге шақырушылардың ішінде қарулы күштеріне және шекара қызметіне шақырылған өздерінің өңірлік жерінде қызмет ете алады. Өйткені бұл балалар қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облысына шақырылатын болса жарты жылдан кейін келісім шарт бойынша келесім шартқа үш жылға қол қойып өзінің өңіріне оралуға болады.

Сондай-ақ былтырдан бастап Қорғаныс министрлігінің бектілілген бұйрығына сәйкес Отан алдындағы борышын өтеп келген азаматтар ұлттық бірыңғай тест тапсырмай белгілі бір жоғары оқу орындарына тегін оқуға түсе алады. Бұған қоса, несиесі бар сарбаздарға кредиттік демалыс тағайындалған. Яғни, олар отан алдындағы борышын өтеп келгеннен кейін қарызын төлейді.

Әйгерім Тоқпанқызы