Мемлкет басшысының биылғы Жолдауы қоғамда кең талқылануда.

Ел дамуын айқындайтын құжатта экономиканы, кәсіпкерлікті қолдау, инвестиция тарту назарға алынды. Халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған жаңа бастамалар ұсынылды.

Мемлекет басшысы атап өткендей, заңнаманы заманауи талаптарға сай жетілдіру, цифрлық технологияларды кеңінен қолдану – уақыт талабы. Сондай-ақ кәсіпкерлерге шамадан тыс қысым көрсетпеу, оларға қолдау көрсету қажеттігін айтты. Ел президенті шағын және орта бизнестің ел экономикасындағы үлесін арттыруды басты міндет ретінде белгіледі.

Ольга Литневская, Павлодар облыстық «Возрождение» немістер қоғамы төрағасының орынбасары

Жолдауда айтылған әрбір сөзді тыңдай отырып, елдің болашағын жиырма жылдан кейінгі дамуымен елестеттім. Өйткені қойылған міндеттер шынымен де ауқымды. Президент заңнаманы цифрландыру мен жасанды интеллект арқылы жетілдіруді тапсырды. Сондай-ақ кәсіпкерлерге қатысты әкімдіктердің тым қатаң шараларын жұмсарту қажеттігін атап өтті.

Президент халықаралық нарыққа шығу үшін отандық тауарлардың экспортын арттыруды тапсырды. Бұл елге жаңа қаржы тартуға жасалған маңызды қадам. Жаңа өндіріс орындары ашылып, жұмыс орындары көбеюі тиіс.

Ольга Литневская, Павлодар облыстық «Возрождение» немістер қоғамы төрағасының орынбасары

Президенттің қайтарылған активтерді білім беру саласына бағыттау туралы шешімі ерекше ұнады. Сол қаражат есебінен жүзден астам жаңа мектеп салынғанын атап өтті. Бұл – болашаққа жасалған үлкен инвестиция. Өйткені еліміздің ертеңі білімді де сауатты жастардың қолында. Президент Жолдауы әрбірімізді терең ойлануға шақырады.

Жолдаудағы бастамалар жастардың болашағына, қоғамның бірлігі мен ынтымағына бағытталған. Алдағы кезеңге нақты бағыт көрсетеді.

Сабина Жолдаспаева