Президент Жолдауда ел дамуындағы жаңа кезең — жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды жаппай енгізуге ерекше мән берді. Осы мақсатта жаңа Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру туралы бастама көтерілді. Бұл бастаманың маңызы неде және ол халыққа қандай артықшылықтар әкеледі? Бұл туралы сарапшылар өз пікірімен бөлісті.
Жаңа мемлекеттік орган қазіргі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің базасында құрылмақ. Сарапшылардың сөзінше, елде бұл саланы дамытуға дайын мамандар жеткілікті.
Назира Оспанова, «Computer science» білім беру бағдарламаларының жетекшісі
Президенттің жолдауын өзімізді тікелей эфирде онлайн тыңдадық. Жасанды интелект мәселелері көтерілді. Президенттің айтуынша алдағы 3 жылда Қазақстан цифрлық мемлекет болатыны жайлы айтылды. Мемлекеттік деңгейде осындай мәселе көтерілгенде ол алға қойылған жоспарлар іске асады деп ойлаймыз.Бірақ цифрлық ел дегеніміз ол тек ғана интернет және әртүрлі қызметтегі онлайн сервистар ғана емес ол бірінші кезекте елде дамыған инфрақұрылым болуы керек.
Сарапшының айтуынша, жоғары сапалы цифрлық инфрақұрылым құру үшін тек мамандар ғана емес, сонымен қатар озық техникалық жабдықтар да қажет.
Назира Оспанова, «Computer science» білім беру бағдарламаларының жетекшісі
Және де кадр мәселері туралы айтты. Айти саласындағы кадр мәселері тапшы деп айтуға болады. Дегенменде мемлекеттік тұрғыда айти саласына гранттар өте көп бөлінеді.Бірақ тек ғана кадрлар цифрлвқ мемлекекттің мәселесін шешпейді.Жаңа айтылған техникалық жақтары да болуы керек.
Жасанды интеллект пен цифрлық шешімдер тек ІТ мамандарының ғана емес, түрлі сала өкілдерінің де қатысуымен дамуы қажет.
Назира Оспанова, «Computer science» білім беру бағдарламаларының жетекшісі
Осы цифрлық мемлекет негізінде тек ған айти саласының адамдарына ғана тоқталу қажет емес.Әрбір пәндік саланың мамандары осы цифрлық мемлкеттің қалануына өз үлестерін қрса алады де ойлаймын.04:07
резидент Жолдауда жасанды интеллектті барлық салаға енгізу арқылы экономиканы жаңғыртуды тапсырды. Бұл ретте Цифрлық кодекс қабылданбақ. Ол цифрлық ортадағы құқықтық реттеу мен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін негізгі құжат болмақ.
Дильназ Қуанышбекқызы