Тереңкөл ауданы мектептерінде жылыту жүйесін жаңарту үшін биыл 20 млннан астам қаражат бөлінді. Жалпы білім беру мекемелерінің осы кезеңге дайындық қандай? Тілші әңгімесінде.

Тереңкөл ауданында жаңа оқу жылында 30 білім беру мекемесі, оның ішінде 25 жалпы білім беретін мектеп,3 бөбекжай, оқушылар үйі және музыка мектебі жұмыс істейтін болады. Аудандағы 25 мектептің 17-сі орта, 8і негізгі.

Жайнат Біләлова, Тереңкөл ауданының білім беру бөлімінің басшысы

Енді биыл ерекше бізге көңіл бөлініп, облыстан қаражат бөлінді. Ауданның 4 мектебіне жөндеу жұмыстары жүгізіліп аяқталды бүгінгі күні.Тереңкқл ауданындағы оқушылар үйі, Пещан ауылындағы балдырған бөбек жайы, және Пещан ауылындағы №2 ЖОББМ және Ивановка ауылындағы ЖОББМ мектептерінде жөндеу жұмыстарын сәтті аяқтады.

Білім беру нысандарында барлығы 23 автономды қазандық бар. 25 оқу орнының 3уі орталық жылытуға, 2уі электрлік, 19ы автономды және 1уі пешке қосылған.

Жайнат Біләлова, Тереңкөл ауданының білім беру бөлімінің басшысы

Жылу беру маусымдықтары қыста мектептер жылы болу үшін, ешқандай кедергісіз жұмыс жасау үшін 6300 тонна тапсырыс беріп, бүгінгі күні 70 пайыз көмір тасымалданды.Бүгінгі күні жылу беру қазандықтары толық қанды дайын.Олар барлық тексерістен өтті.Жөндекден өтті.3 мектептің жылу беру қазандығын жаңартып алдық.Бұл бізде 20 млнға қаражат жұмсалды.Қызылтан, Байқоңыс, және Пещан 2 мекептерінің жылу беру қазандықтары жаңартылды.

Сондай ақ жылдағыдай жылу беру жүйелеріне тазарту жұмыстары жүргізілді.Жылу беру қазандықтарына энергетикалық сараптамадан өткізді.

Дильназ Қуанышбекқызы