Павлодар облысында енді өртену, суға кету, қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері шұғыл анықталатын болады. Қазір облыс бойынша бейнебақылау камералар саны тағы 3 мыңға өсті. Әр қиылыс, бұрышта камералар болады. Мамандар мұны – қауіпсіздік шаралары үшін деп отыр. Бұл құқықбұзушылық орын алмай тұрып тәуекелдерді дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.

Павлодар облысында қалалар мен автожолдардағы қоғамдық және жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында «Қауіпсіз қала» жобасын іске асыру басталды. Жоба аясында заманауи фото және бейнетіркеу жүйелерін, аппараттық-бағдарламалық кешендерді, бақылау камераларын орнату, деректерді өңдеу орталықтарын дамыту және жасанды интеллект технологияларын қолданатын бейнеаналитиканы енгізу көзделген.

Ағыбай Әмірин, Павлодар облысы цифрлық технологиялар басқармасының басшысы

Бүгінгі күні Павлодар облысында және 3 қаласында «қауіпсіз қала» жобасы жүзеге асырылуда. 3 мың қоғамдық орындарда камералар орнатылады. Жалпы бұл жоба қоғамдық қауіпсіздікті қамтуға бағытталған.

Жобаны іске асыру тек нақты уақыт режимінде құқықбұзушылықтарды бақылау мен тіркеуді ғана емес, сонымен қатар деректерді талдап өңдеуді қамтамасыз етеді. Биыл жоба аясында облыстағы қиылыстарда 150, желілік учаскелерде 250 камера қойылады. Қазір құрылғылар орнатылды, енді оларды қосу жұмыстары жүріп жатыр. Мердігер өз қаражатына камераларды сатып алып, орнатады. Ал олар іске қосылғаннан кейін, 3 жыл бойы жергілікті бюджеттен әрбір жұмыс істеп тұрған камераға қаражат төленеді. Осылайша ай сайын камераларға 300 млн теңге көлемінде төленеді деп жоспарланып отыр.

Ағыбай Әмірин, Павлодар облысы цифрлық технологиялар басқармасының басшысы

Камералардың өзінің видеоаналитикалары бар. 3 мың камераның 600-іарнайы сараптамамен қамтылған. Жоғалған адамды іздеу, көп жиналған адамдар, төбелесті анықтай алады. судағы қауіпсіздікті қамтиды.

Ал, «Smart City» эталондық стандартының «Қауіпсіздік» бағытына және 2024–2028 жылдарға арналған қоғаммен әріптестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасына сәйкес келеді. Ол үш жылдық сервис үлгісі бойынша жүзеге асырылады.

Ағыбай Әмірин, Павлодар облысы цифрлық технологиялар басқармасының басшысы

Біз биылғы жылы «Смартсити Павлодар» жобасын іске асырдық 138 білім, 18 денсаулық сақтау нысандарына камералар орнатылды. Орталығына шығарылды.

«Қауіпсіз қала» жобасы аясында орнатылған камералар қазан айының соңына дейін іске қосылады деп жоспарланып отыр.

 Самал Қалиқызы