Облыс орталығымен іргелес Павлодар ауылында өрт қауіпсіздігі рейді өтті. Шара аясында төтеншеліктер әлеуметтік әлсіз топтағы отбасыларды аралап улы газге қарсы датчиктер орнатты.
Үйде шығатын өрттің негізгі себебі қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамау. Сондықтан, өрт сөндірушілер үй-үйді аралап түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Түсіндіріп қана қоймай пештерді тексеріп, талапқа қаншалықты сай екендігін көрді. Улы газге қарсы датчиктерді орнатты. Бұл жыл сайын тұрақты түрде жүргізіліп келе жатқан шара.
Осыедай нейдтік шаралар арқылы биыл200 датчик орнатылса, соңғы үш жылда 700 длен астамы орнатылған.
Жанасыл Серікбол