Павлодар облысында шуға шомылу маусымы жабылды. Жыл басынан төтеншеліктермен 20 адам құтқарылды. Олардың қатарында кәмелеттік жасқа толмаған балалар да бар. Тілшіміз жалғастырсын.
Павлодар облысында суға түсуге рұқсат берілген 40-қа жуық жағалау бар. Олардың 27-сі комуналдық, қалғаны жеке кәсіпкерлердікі. 127 аумақ қауіпті аймақтар қатарына енгізілді, ол жерлерде суға түсуге мүлдем болмайды. Сонымен қатар, биыл төтеншеліктер облыс мектептерімен тығыз жұмыс жүргізді. 8 мыңға жуық рейдтік іс шаралар қолға алынды. 273 бұзушылық тіркелді, 58 адамға әкімшілік айыппұл салынды.
Әлихан Бүкетай, Павлодар облысы ТЖД инженері
Жаз біткенмен бізде шомылу кезеңі бітті. Жазғы кезде көптеген рейдтік іс шаралар жүргізілді. Соған қарамастан профилактикалық шаралар кезінде 2025 жылы 14 суға кетті, оның ішінде екі кәмелеттік жасқа толмаған балалар.
Жаз уақытында шомылу маусымы кезінде төтеншеліктердің жұмысы арта түседі. Жыл басынан өңірде құтқарушылар 20 адамның өмірін құтқарып қалған. Олардың қатарында балалар да бар.
Қыдыржан Наскенов, Павлодар облысы ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы
Ағымдағы жылы төтеншеліктермен жедел штаб құрылды. Онда біздің қызметкерлермен түрлі шаралар ұйымдастырылды. Кешенді жоспар жүзеге асты. Ағымдағы жылда 20 адамды құтқарып қалды құтқарушылар, былтыр 7 адам еді. Биыл министрлікпен, жергілікті атқарушы органдардың көмегімен департамент жаңа көліктермен, құрал жабдықтармен толықты. Мысалы дрондар, квадрациклдер, қайықтар алынды. Дронмен Ертістің жағалауын бақылаймыз.
Сонымен, суға шомылу маусымы аяқталғанмен құтқарушылардың жұмысы азаймайды, себебі енді балықшылармен профилактикалық шаралар басталады. Себебі өзенге балық аулауға барған азаматтар да сақтық шараларын сақтау керек.
Самал Қалиқызы