Жүсіпбек Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма театры 36-маусымын ашты. Жаңа өнер маусымын тұсауын «Ерте ояндым, ойландым...жас Абай...» қойылымы кесті. Алда театр көрермендердін көптеген премьералар мен мазмұнды қойылымдар күтуде.

«Ерте ояндым, ойландым...Жас Абай...» қойылымы Аймауытов театрының сахнасында бес жыл бұрын тұсауы кесілген еді. Биылғы Абайдың 180 жылдығына орай көрермендрге қайтадан ұсынылды. Онда дана Абайдың да, бала Абайдың да бейнесі сомдалады.

Театрдың жас актеры Ерасыл Ерланұлы жас Абайдың оброзын сомдады. Жаңа маусым осылайша жастарға ерекше мүмкіндік беруде.

Осы маусымда театр 35 жасқа толады. Осынған орай көптеген мерейтойлық шаралар жоспарланған. Премьералар да алда. Тек жыл аяғына дейін төрт жаңа қойылымның тұсауы кесілмек.

Театр маусымды бастай салып екі бірдей фестивальге шақырту алыпты. Оның бірі Жеқазған қаласында, екіншісі Ақтөбе қаласында өтеді.

Жанасыл Серікбол