Президент өз жолдауында инвестиция тарту саясатын өзгертуге басымдық берді. Мемлекет басшысының бастамаларына пікір білдірген павлодарлықтар осылай дейді. Сондай-ақ, отандық кәсіпкерлердің мүддесін қорғау тұрғысында да бірқатар міндеттер жүктегендігін айтты.

«Қазір дүние жүзінде инвестицияға талас күшейіп барады» деді Президент жолдауында. Бұндай таласта тасада қалуға болмайды. Ол үшін тиімд ұсыныс, ауқымды жобалар қажет.

Еркеғали Жанғазы, Павлодар облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі

Ең әуелгі сөзінде ол кісі қазіргі инвестиция тарту саясатын өзгерту деп айтты. Бұл жерде инвестициялар тек жер асты байлықтарын қазып оны алу ғана емес, оны терең өңдіру деген бағытқа бұруымыз керек деді. Жуық арада үш жобаны Қазақстан бойынша іске асыру керек деді. Оның біреуі біздің облысқа тиесілі. Сондықтан, бұл біздің өңірге де маңызды.

Сондай-ақ, отандық кәсіпкерлерді қорғау да маңызды. Олардың өнімі бәсекеге төтеп бере алатындай жағдай жасалуы керек. Бұл әсіресе ауыл шаруашылығы өнімдеріне қатысты.

Еркеғали Жанғазы, Павлодар облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі

Евразиялық экономикалық одақ деген бар. Соның құрамындағы мемлекеттердің ішінде біздің кәсіпкерлердің ұтылып жатқан тұсы көп екен. Оны баса айтты. Бәсекестікке төтеп бере алмай жатырмыз. Өйткені, біздің үкімет біздің кәсіпкерлерді тиісті деңгейде қорғай алмай жатыр деді. Бұл да баяғыдан айтылып кеде жатыр, өте маңызды. Қарап отырсаңыз дүкен сөрелерінде одаққа мүше басқа мемлкеттердің тауарлары өте көп.

Үкімет бей-жай қарамай, қолға алуы тиіс шаруалардың бірі осы екендігі де айтылды.

Жанасыл Серікбол