Железин ауданында КСРО-ның еңбек сіңірген ұстазы Теміршот қажы Нүкеновті еске алуға арналған республикалық дзюдо турнирі өтті. Татамиге елдің түкпір-түкпірінен және жақын шет елдерден келген екі жүзге жуық жас спортшы шықты.

Теміршот қажы Нүкеновке арналған турнир өңірде он бесінші рет ұйымдастырылып отыр. Бұл турнир жылдар бойы жас балуандарды біріктіретін және болашақ чемпиондарды тәрбиелейтін маңызды спорттық оқиғаға айналды.

2009–2010 жылдары туған ұлдар мен қыздар жеті салмақ дәрежесінде күш сынасты. Турнирдің мерейтойлық мәртебесіне орай, оған еліміздің әр өңірінен және көршілес мемлекеттерден келген ең мықты дзюдошылар қатысты.

Белдесулер өте тартысты және көрермен үшін қызықты өтті. Әр жекпе-жек соңғы секундқа дейін көрерменді бір демде ұстады.

Мансұр Мейрам, қатысушы

Осы жарысқа осы жылы мерей той болғандықтан көптеген спортшылар келді.Осы жарықа жақсы дайындықпен келдім. Бірінші орын аламыз деген ойдамын. Осы жылы да бірінші орын аламын деген ойдамын.

Айта кетейік, аталмыш турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері спорт шеберлігіне кандидат атағына ие болады.

Дильназ Қуанышбекқызы