Павлодар облысында мемлекеттік қызметте қазір 200 ге жуық бос вакансия бар. Бұл ретте жоғары оқу орындарының түлектерін мемлекеттік қызметке қызықтыру, тарту мақсатында қарқынды жұмыс жүргізілуде. Тілшіміз жалғастырсын.

Бұл Павлодар қаласындағы жоғары оқу орындарының бірінің 3-4 курс студенттері. Біраз уақыттан кейін бұл азаматтар, дипломын қолға алып, еңбек жолын бастайды. Бірқатары билік пен бұқара арасындағы байланысты нығайта түсетін мемлекеттік қызметкер болмақ. Солар үшін мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Мемлекеттік қызмет мүмкіндіктері туралы баяндама ұсынды.

Асхат Ескендіров, Павлодар облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы

Мемлекеттік қызметке бізде іріктеудің екі түрі бар. бірінші бұл конкурстық іріктеу. Бұл сіздерге таңсық емес, себебі конкурстық жүйе барлық жерде қолданылады. Өздеріңіз оқуға түскен кезде де осы байқау арқылы гранқа қабылдандыңыздар. Қазір тіпті бәрі автоматтандырылған, үйде отырып-ақ конкурсқа қатысуға өтініш білдіруге болады. 4 заң бойынша тестілеу болады. Бұдан бөлек, жеке қасиеттер де қазіргі уақытта бағаланады.

Студенттермен кездесуге өңірлік кадр резерві арқылы мемлекеттік қызметке келген жастар да қатысты. Олар мемлекеттік қызметтің қыр сырымен бөлісті. Ал, студенттер болса спикерлерге сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.

Мадина Шаханова, студент

Бізге жалпы бүгін мемлекеттік қызмет туралы ақпарат ұсынды. Мемлекеттік қызмет деген не, оған қалай түсуге болады, қандай мүмкіндіктер қарастырылған. жас мемлекеттік қызметшілер мектебінің жұмысына тоқталды, жалпы қалай жұмыс істейтіні айтылды. Менөзім болашақта мемлекеттік қызметке барғым келеді. Себебі перспектива бар.

Мемлекеттік қызметшілер мемлекет пен ел мүддесі үшін аянбай еңбек ететін азаматтар. Сондықтан бұл салаға ел ертеңі үшін аянбайтын адамдардың келгені маңызды.

Самал Қалиқызы