Екібастұз қаласында Тілдер күніне орай «Ұлт көсемі – Ахмет Байтұрсынов» атты танымдық конференциясы ұйымдастырылды. Онда қазақ әліпбиінің негізін қалаған, Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы жайлы сөз қозғалды.

Мемлекет тарапынан қазақ тілінің қолданыс кеңістігін кеңейтуге жағдай жасалып жатыр. Қазақ тілін үйреніп жүргендердің саны да жылдан жылға көбейіп келеді, олардың арасында өзге ұлт өкілдері де баршылық. Тіл адамзаттың басты қаруы. Осы ретте Екібастұз қаласында Қазақстан халқының тілдері күніне орай конференция ұйымдастырлды. Алдымен жиналған көрерменге Ахмет Байтұрсынұлы жайлы фильм көрсетілді.шара барысында Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы ақпарат ұсынылды. Тіл жанашыларлар, өлкетанушылар баяндама оқыды. Негізгі мақсат ұлт көсемінің өмірін насихаттау.

Самал Қалиқызы