Қасым Жомарт Тоқаев Жолдауда жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды дамытуға ерекше тоқталды. Өйткені бұл сала бүгінде біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналып үлгерді. Олар уақытты үнемдеп қана қоймай, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Біз бұл тақырыпта тұрғындардың пікірін біліп көрдік.
Қарапайым тұрмыстан бастап кәсіби салаға дейін жасанды интеллект кеңінен қолданыс табуда. Цифрлық технологиялардың көмегімен әлеуметтік мәселелерді шешуге де болады. Тұрғындар жасанды интеллект елдің дамуына жаңа серпін береді деп сенеді.
Тұрғындардың пікірі әртүрлі болғанымен, бәрінің ортақ ойы – жасанды интеллекттің болашағы зор. Оны дұрыс пайдалану – уақыт талабы.
Сабина Жолдаспаева