Міне дәл осылай, дыбыстық сиренамен жаудың шабуыл жасағалы тұр деген белгісі беріледі. Жауынгерлер дереу плацқа ағылып, жасақталады. Бұдан соң саппен тізіліп, шекараға қарай аттанады. Оларға жүктелген міндет – жауға төтеп беріп, бергі жаққа өткізбеу.
Далалық оқу-жаттығу шарасына алты взвод қатысуда. Олардың әрқайсысында 45 баладан. Бұл 10-11 сынып оқушылары. Оқу-жаттығу жиынындағы тактикалық алаң ұрыс алаңына барынша жақындастырылған. Миналар орнатылып, түтін бүркелді, гранаталар лақтырылды. Жауынгерлер тордың астымен жүріп, окопқа тығылып, бар кедергілерден өтті. Мұндай шарадан балалардың, әлбетте алған әсерлері ұшан-теңіз.
Бүкіл тактикалық тапсырманы орындап шыққан жауынгерлер алақайлап, жеңіс туын тікті. Бұдан соң, сап түзеп, әнмен плацқа қайтты. Шалдай қарағай орманында далалық оқу-жаттығу жиыны 5 күн қатарынан өткізілмек. Мұнда олар мектеп қабырғасында алғашқы әскери дайындық сабағынан алған теориялық білімдерін практикада қолданады. Міне дәл осылай, дыбыстық сиренамен жаудың шабуыл жасағалы тұр деген белгісі беріледі. Жауынгерлер дереу плацқа ағылып, жасақталады. Бұдан соң саппен тізіліп, шекараға қарай аттанады. Оларға жүктелген міндет – жауға төтеп беріп, бергі жаққа өткізбеу.
Далалық оқу-жаттығу шарасына алты взвод қатысуда. Олардың әрқайсысында 45 баладан. Бұл 10-11 сынып оқушылары. Оқу-жаттығу жиынындағы тактикалық алаң ұрыс алаңына барынша жақындастырылған. Миналар орнатылып, түтін бүркелді, гранаталар лақтырылды. Жауынгерлер тордың астымен жүріп, окопқа тығылып, бар кедергілерден өтті. Мұндай шарадан балалардың, әлбетте алған әсерлері ұшан-теңіз. Бүкіл тактикалық тапсырманы орындап шыққан жауынгерлер алақайлап, жеңіс туын тікті. Бұдан соң, сап түзеп, әнмен плацқа қайтты.
Шалдай қарағай орманында далалық оқу-жаттығу жиыны 5 күн қатарынан өткізілмек. Мұнда олар мектеп қабырғасында алғашқы әскери дайындық сабағынан алған теориялық білімдерін практикада қолданады.
Салтанат НЫСАНБЕК
Павлодар жаңалықтары, Павлодардағы оқиғалар, Павлодар қаласының соңғы жаңалықтары,