«Заң және тәртіп» медиажоспарын жүзеге асыру және Жаңа Конституция мәтінін қоғам арасында талқылау мақсатында Ақсу қаласында азаматтарға құқықтық кеңес берілді. Тұрғындар мүлікті, мұраны рәсімдеу, бғаттан шешу сынды сұрақтары бойынша кеңес алды.
Ашық есік күні аясында Павлодар облысы Әділет департаментінің мамандары, нотариус, адвокат, жеке сот орындаушылар ақсулықтарға кеңес берді. Алдымен азаматтарға жаңа Конституцияның заңдары түсіндірілді.
Айдос Жұман, Павлодар облысы әділет департаментінің жетекші маманы
2026 жылғы 15 наурызда жалпыхалықтық референдумда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Жаңа Конституцияның басты мақсаты заңдылыққа, тәртіпке, әділеттілікке, адам құқықтарын қорғауға және тұрақты дамуға негізделген. Әділетті Қазақстанды қалыптастыру. Конституцияда адамның өмірі мен бостандықтары ең қымбат қазынасы болып табылады. Бұл мемлекеттік органдардың қызметі ең алдымен азаматтардың мүддесін қорғауға бағытталуы тиіс екені анық көрсетілген.
Тұрғындар бұғаттан шешу, мүлікті, мұраны рәсімдеу, тегін адвокаттық, тегін құқықтық кеңес алуға келді. Қабылдау жүргізіп жатқан мамандардың өзі осындай шаралардың маңыздылығын айтып отыр. Ешқайда бармай ақ, бір жерде бірнеше маманның көмегін тегін алуға болады.
Зүлфия Жұманова, жеке нотариус
Көбінесе осындай ашық есік күндеріне адамдар құжаттарды рәсімдеу бойынша жүгінеді. Яғни кезінде үй алған едік, оны сол кезде түрлі себептермен рәсімдей алмап едік деп. Сонымен қатар, мұраны рәсімдеу бойынша келіп жатады. Келіп, сұрақтарын қойып, толық ақпарат алып кетеді.
Павлодар облысы Әділет департаментімен бұл бағыттағы жұмыстар аудандарда да жалғасын табады.
Самал Қалиқызы