Павлодар облысында дарынды оқушылардың жетістігі қуантады. Биылғы облыстық пән олимпиадасында үздіктер анықталып, жеңімпаздар республикалық деңгейде өңір намысын қорғауға мүмкіндік алды.
Жалпы аудандық кезеңде мамандандырылған мектептер арасында топ жарып, бірінші орын алған оқушылар облыстық олимпиадаға жолдама алған. Нәтижесінде, үздік шыққан дарын иелері облыстық құрама команда қатарына енгізілді. Екі бағыт бойынша – жаратылыстану-математика және қоғамдық-гуманитарлық салада барлығы 72 оқушы сынға түскен
Азамат Шаймұрат, «Ертіс дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығының басшысы
Жалпы аудандық кезенде мамандандырылған мектептердің арасына қатысып 1 орын алған оқушылар облыстық пән олимпиадасына қатысып жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып бірінші орын алған балалар облыстық құрама конмандасының қатарына кірді. Жалпы екі бағытты алып қарайтын болсақ 72 оқушы қабылданған болатын.Жаратылыстыну-математика бағыты, қоғамдық гуманитарлық бағыт, Негізінен олимпиадалық қозғалысымыз бірден басталып кетті.
Биыл Павлодар облысының оқушылары республикалық олимпиадада жоғары нәтиже көрсетті. Жаратылыстану-математика бағыты бойынша өңір командасы үшінші орынға ие болды. Ал қоғамдық-гуманитарлық бағытта облыс оқушылары республика бойынша бас жүлдені жеңіп алды. Қоржында – 6 алтын, 8 күміс және 8 қола медаль.
Мамандардың айтуынша, олимпиадалық дайындық жүйелі түрде жүргізілген. Оқушылар ғалымдармен бірлесіп жұмыс істеп, кейбір пәндер бойынша жоғары оқу орындарының базасында білімдерін жетілдірген. Айта кетейік, мұндай жетістіктер – өңірдегі білім сапасының артып келе жатқанын көрсетеді.
Дильназ Қуанышбекқызы