Павлодар облысына Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жұмыс сапарымен келді. Алдымен облыс әкімдігіндегі жиынға қатысты. Медициналық ұйымдардың басшыларымен, өкілдерімен кездесу барысында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы қордаланған өзекті мәселелерді талқылады.
Облыстық әкімдікте өткен жиынға өңірдің медициналық қоғамдастық өкілдері қатысты. Ақмарал Әлназарова кездесу барысында талқыланатын сұрақтарды нақтылап өтті. Жылдар бойы шешімін таппаған мәселелерді бірлесе шешуге шақырды.
Ақмарал Әлназарова, ҚР денсаулық сақтау министрі
Павлодарда вакцинадан бас тартатындар қатары артқан. 5 жылда 2,7 есеге көбейген. Оның басым бөлігі медициналық себептерге байланысты болып отыр. Осы ретте бұл себептер неге негізделіп отырғаны белгісіз. Сондықтан аудан әкімдері бұл мәселеге жауапты. Екінші сұрақ, медициналық кадрлардың тұрақтануы. Осы ретте бүгін Семей университетінен ректор келді. Сондықтан біраз сұрақтарды осы жерде өзара шешуге болады.
Сонымен, Павлодар облысында кадр тапшылығы біраз жылдар айтылып келеді. Қазір өңірде 23 акушер гинеколог, 13 неанатолог, балаларды қарайтын аллерголог, пульмонолог, ревматолог, стоматолог, хирург, кардиолог, травматологтар жеткіліксіз. Бұған қоса балалар арасында туберкулездің алдын алу шаралары жеткіліксіз көрінеді.
Самал Саурова, медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары
Туберкулез көрсеткіші 2 пайызға төмендеген, бірақ ресупбликалық көрсеткіштен 33,8 пайызға асып отыр. Бес жасқа дейінгі балалардың профилактикалық шаралармен қамтылуы төмендеген. Ағымдағы жылы 83,7 пайызға ғана қамтылып отыр. Облыс бойынша туберкулездің өршуі 7 пайызға артқан. Әсіресе Ақтоғай, Железин, Тереңкөл, Май, Павлодар аудандарында жағдай көліл көншітпейді.
Осы ретте, министр балалардың арасында анықталған туберкулез – туберкулез ошақтарының бар дегенін білдіреді деді.
Ақмарал Әлназарова, ҚР денсаулық сақтау министрі
Біз әр үшінші жаңадан анықталған науқас деструкция сатысында анықталып жатыр. Екінші мәселе дәрі дәрмекке төзімді түрімен анықталып жатыр. Бұл жерде аудан әкімдері, аудан бас дәрігерлермен күшейту керек. 65 пайызы алдын алу емімен қамтылып жатыр. Туберкулезді жұқтыруға жола ашып отырсыздар.
Ал, онкологиялық қызметте атқарылып жатқан жұмыстарға жақсы баға берілді. Ерте анықтау бойынша шаралар қарқынды. Бірақ, скринингтердің тиісті деңгейде ұйымдастырылып, өткізілмеуі сынға алынды. Бұдан бөлек, жиынған онлайн форматта санитарлық эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы да қосылды.
Сархат Бейсенова, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы
Үш айда саған бақылау жұмыстарына байланысты өңірде 16 жастағы балаларды профилактикалық екпелермен жоспарлы қамту тиісті жеңгейге жетпеді. 18,9 пайызды ғана құрап отыр. Павлодар, Май аудандары, Ақсу, Павлодар, Екібастұз қалаларында көрсеткіш төмен. Облыста жоспарлы вакцинацияны 28 ұйым жүргізеді. Олардың 15-і көрсеткішке жетпеді.
Сонымен қатар, биыл облыста суық тізбектер жобасы іске асырылмақ. Ол екпелерді қауіпсіз әрі сапасын жоғалтпай біраз уақытқа дейін сақтауға мүмкіндік беретін жоба. Яғни осы арқылы ата аналардың вакцинаға деген сенімі де артуы мүмкін, деді министр.
Павлодар облысында өткен жылы 6500 доза вакцина заңсыз есептен шығарылған. Жағдайдың биыл қайталанбауы үшін бақылауды күшейту керектігі айтылды. Екпе кабинеттеріндегі мамандарды оқыту жағы да енді қарастырылады.
Нұрданат Беркінғали, медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы
Жоспардан тыс тексерістер жүргізілді. Өткен жылмен салыстырғанда шағымдардың саны екі есеге өсті. 16 ұйғарым берді. 10 әкімшілік хаттама толтырылды. Негізгі аутсайдерлер бұл стационарлар. Бұл Павлодар теміржол ауруханасы, Екібастұз қалалық ауруханасы, Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығы, №1 қалалық аурухана.
2028 жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық көмек, кепілдендірілген медициналық көмек тек ұлттық аккредитациядан өткен медициналық ұйымдарға ғана қолжетімді болады. Сондықтан министр медициналық мекемелерді аккредитациялау бойынша қосымша жоспар құру тапсырмасын да жүктеді.
Самал Қалиқызы