Павлодарда «Мың бала» зияткерлік олимпиадасы өтті. Оған 90-нан астам ауыл мектептерінің оқушылары қатысты.

«Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасы осымен 7 жыл қатарынан өтіп жатыр. Биыл ел бойынша 42 079 ауыл оқушысы қатысты. Ал, Павлодар облысында екінші кезеңге 94 бала жолдама алды.

Айсұлу Сұрағанова, «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру орталығының әдіскері

Павлодар облысы бойынша негізінде 3389 оқушы оның бірінше кезеңнен 1389 оқушы екінші кезеңге өтіп тұр. Соның ішінде 94 оқушы жолдама алды. Қазіргі таңда екі орталықта тестілеу болып жатыр. Біреуі Павлодар қаласында екіншісі Еқаласында. Екібастұзда 28 оқушы, Павлодарда 66.

Айта кетейік, олимпидаға қатысқан 6-сынып оқушылары жеңімпаз атанса, еліміздің дарынды балаларға арналған мектептеріне квота алып, оқи алады.

Самал Қалиқызы