Павлодарда Кеңес Одағының Батыры Махмет Қайырбаевтың есімі берілген алғашқы әскери және технологиялық дайындық кабинеті ашылды. Жоғары электроника және коммуникациялар колледжінде өткен салтанатты шарада жаңартылған кабинет таныстырылды.
Батырдың есімі берілген кабинетте студенттер тек теориялық білім алып қана қоймай, практикалық дағдыларын жетілдіреді. Салтанатты шара барысында қонақтар жаңа кабинет лентасын қиып, оқу кеңістігінің ресми ашылуына куә болды.
Кабинет заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Көрнекі материалдар, тәжірибелік сабақтарға арналған аймақтар және топпен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін арнайы орындар қарастырылған. Одан бөлек, қару-жарақты бөлшектеу және жинау бойынша арнайы сыныптар, әскери мүлікті сақтау орындары да қарастырылған.
Марат Нығметов, Павлодар қаласы жоғары электроника және коммуникациялар колледжінің басшысы
Биыл біздің колледжге 45 жыл. Оның үстіне егемендік алғанымызға 35 жыл. 7 мамыр Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр Жеңіс күніне орай біз осы кабинетті ашуға бағыт алдық. Бұл кабинетке госзакуп арқылы жұмысын істеуге компания ұтып алды. Сол бойынша біздің талапқа сай, бастауыш әскери дайындық кабинетіне жаңа талап бойыша осы кабинетті жөндеттік.
Шара аясында колледж бен әскери-техникалық мектеп арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл келісім студенттерге болашақта әскери дайындық бойынша оқу-жаттығу жиындарынан өтуге мүмкіндік береді.
Облыс бойынша білім беру ұйымдарында осындай 46 кабинет ашылған. Бұл бастама – жастарды әскери-патриоттық бағытта тәрбиелеудің және заманауи білім берудің нақты көрінісі.
Бақтияр Түсіпов, Павлодар облысы білім беру басқармасының аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі
және алғашқы әскери дайындық орталығының басшысы
Бұл кабинеттердің ашылу тарихы 2021 жылы, жас сарбаз ұйымының ашылуынан басталды. Бұл ұйымның ашылуына себепкер ел президенті бастамасымен ашылды. 2025-2030 жылға қабылданған әскери концепция аясында осындай жас сарбаз қозғалысының ұйымы ашлу керек. Балалардың арасында патриоттық сезім ояту аясында осындай кабинеттер ашылуда.
Кабинет дәстүр мен технологияның үйлесімі. Мұнда студенттер жауапкершілікке, тәртіпке және елге қызмет етуге дайын болуға үйренеді. Бұл – болашақ мамандарды жан-жақты дайындауға арналған маңызды қадам.
Сабина Жолдаспаева