Табиғатты қорғау – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз. Осы бағытта Павлодар қаласының №27 жалпы орта білім беру мектебінде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Таза Ел – Таза Жүрек» атты ерекше форматтағы экологиялық іс-шара өтті.Толығырақ алдағы сюжетте.

Іс-шара мектеп оқушыларына арналған экологиялық-еріктілік интерактив форматында ұйымдастырылды. Бағдарлама барысында оқушылар арнайы ойын станцияларынан өтіп, түрлі тапсырмаларды орындады. Олар командалық жұмыс арқылы волонтерліктің әлеуметтік, экологиялық және зообағыттары бойынша білімдерін жетілдірді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай формат оқушылардың қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Интерактивті тәсіл арқылы балалар табиғатты қорғаудың маңызын тереңірек түсінеді.

Айгерім Түсіпбекова, Павлодар қалалық «Жасыл ел» штабының менеджері

Менің ойымша 8 сынып оқушылары қазіргі заманда экологияға қызығады. Біз 8 сынып оқушыларын экологиян маңызын түсіндіруге жинадық. Мүмкін болашақта оларды біздің жасыл ел құрыма қосатын боламыз.

Айта кетейік, шараға негізінен 8-сынып оқушылары қатысып, белсенділік танытты. Мұндай бастамалар жас ұрпақты табиғатқа жанашырлықпен қарауға тәрбиелеп, қоғамдағы экологиялық жауапкершілікті арттыруға бағытталған.

Иван Подтихов, №27 ЖОББ мектебінің 8-сынып оқушысы

Мен мектеп тарапынан ұйымдастырылатын экологиялық акцияларға белсенді түрде қатысамын. «Таза Қазақстан» қозғалысын толықтай қолдаймын, себебі қазіргі таңда елімізде экологиялық мәселе өте өзекті. Пластик көбейіп жатыр, қоқыс та артып келеді. Менің ойымша, кем дегенде айына бір рет мектептен шығып, айналаны қоқыстан тазарту бойынша акциялар өткізу керек. Ерікті түрде болса да, бір күн еңбек ету қажет.

Іс-шараға 40-қа жуық оқушы қатысты.

Дильназ Қуанышбекқызы