Бүгін қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі композитор әрі дирижер Ахмет Жұбановтың 120 жылдығына арналған мазмұнды музыкалық кеш өтті. Шара барысында ұлттық музыка тарихы мен әуезді шығармалар кеңінен насихатталды.
Ахмет Жұбанов — қазақ кәсіби музыкасының негізін қалаушылардың бірі, тұңғыш дирижер, Қазақстанның халық әртісі. Ол 1906 жылы 29 сәуірде дүниеге келген. Мерейтойға арналған кеш концерт-дәріс форматында ұйымдастырылып, жастар мен қонақтар композитордың шығармаларын орындап, оның өмірі мен еңбегіне қатысты деректермен танысты.
Әсел Арынова, музыка оқытушысы
Бүгінгі дәріс концертімізде А. Жұбанов біздің Ертіс-Баян өкілдерімен олар Р. Омаров, Қамар Қасымовпен бірге жұмыс істеді осыны насихаттау мақсатында ұйымдстырып жатырмыз
Бүгінде композитордың қолтаңбасы сақталған күйтабақтар Павлодардағы Шафер атындағы грампластиналар музейі қорында тұр. Шараға қатысушылар күйтабақтар арқылы автордың туындыларын тыңдауға мүмкіндік алды.
Мағзия Абенова, Н. Шафер атындағы музей үйінің басшысы
Бүгінгі кеште де қорымыздағы А. Жұбановтың сақталған туындылардың барлығы бүгінгі сабақта қолданылатын болады. Мен ойлаймын күй табақтар сол дәуірдің үнй білдіреді деп ойлаймын. Одан соң тыңдаушылардың қабілеті де өзгеретін сияқты
Айта кетейік, аталған музейде қазақ музыкасына қатысты 600-ге жуық күйтабақ жинақталған. Соның ішінде Ахмет Жұбановтың да бірқатар шығармалары бар.
Байтұрсын Жұмабай