Павлодар әуежайындағы реконструкция жалғасуда. Әуежай тамыз айының соңында іске қосылады деп жоспарлануда. Жұмыс кестеге сәйкес жүріп жатыр. Ал, Усолка шағын ауданында 1200 орындық мектептің құрылысы басталды. Толығырақ алдағы материалда.
Мердігерлердің айтуынша жұмыстың жартысы аяқталған. Енді әуежай аумағы қоршалып, бейнебақылау жүйесі орнатылады. Жалпы ұзындығы 17 шақырымнан астам қоршау және 250-ден астам жарық шам орнатылады. Жабындының қалыңдығы 48 сантиметрге дейін жетеді. Оған беріктігі жоғары, модификацияланған асфальтобетон қолданылуда. Құрылыс аяқталған соң қабылдау рәсімі басталады. Нысанның маңызы жоғары болғаны себепті қабылдау рәсімдеріне айрықша көңіл бөлінеді.
Усолкада жаңа мектептің құрылысы басталды
Ал, Усолка шағын ауданында жаңа мектептің құрылысы басталды. 1200 орындық білім ордасы келесі жылы оқушыларды қабылдайды деп жоспарлануда. Усолка қарқынды дамып жатқан аудан, сол себепті оқушылардың орын тапшылығы да сезілген.
Мектеп тоғыз блоктан тұрады: бастауыш және жоғары сыныптарға, әкімшілік бөлікке, кітапхана мен спорт залдарына арналған жеке корпустар қарастырылған. Сондай-ақ 800 орындық асхана да жоспарланған. Білім ордасының аумағында толық өлшемді футбол алаңы, жүгіру жолақтары, волейбол және баскетбол алаңдары орналастырылады.
Арнайы кітапхана ауқымды жөндеуден өтті
1970- жылы салынып, осы уақыт аралығында бірде-бір жөндеу көрмеген арнайы кітапхана былтыр толық жаңартылды. Аймақ басшысы ат басын бұрып, кітапхана жұмысымен танысты. Жөндеуден соң қызмет көрсету мазмұыны да жаңарған. Электронды оқырман билеті жұйесі енгізіліп, жаңа компьтерлер мен құрал жабдықтар жеткізілді. Мәтінді Брайль қарпіне автоматты түрде аударып, бірден басып шығаратын арнайы принтер орнатыллы.
Әсем Нұрғалиева, Павлодар облыстық арнайы кітапхана басшысының орынбасары
Кітапханада дыбыс жазу студиясы жұмыс істейді. Мұнда шығармашылық, зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен аудиокітаптар жазылады. Жылына орта есеппен алты-сегіз аудиоөнім шығарылады.
Кітапханада 12 қызметкер жұмыс істейді. Жыл сайын мұнда шамамен 25 мың адам келеді, ал тұрақты оқырмандар саны екі мыңға жуық.