«Супер әже-2018» байқауының мақсаты – үлкенге құрмет көрсетіп, олардың мәдени және қоғамдық өміріне белсенді қатысуға шақыру. Бақыт Жарықбаева 69 жаста. 5 баланың анасы қазіргі күні 6 немере мен 1 шөберені сүйіп отыр. Зауытта аспазшы болған әже байқауға қазақтың ұлттық асы - бесбармақты алып келген. Байқау туралы ұйымдастырушылардан естіп, қатысуға бел буыпты.

БАҚЫТ ЖАРЫҚБАЕВА, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ

Толмачева бізді келіңіздер, қатысыңыздар , өнерлерін болса көрсетіңдер сіздер балаларды бағасыздар. Соны айтып , елге көрсетіңдер дегеннен кейін келіп, өнерімізді көрсетіп жатырмыз. 

Ерекше байқаудың ұйымдастырушысы 1 топтағы мүмкіндігі шектеулі жан  Валентина Толмачева. Валентина өзі  республикалық шығармашылық  конкурстарға үнемі қатысып, белсенді өмірлік  салтын ұстанады.

ВАЛЕНТИНА ТОЛМАЧЕВА, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ

Мұндай ой биыл жазда Алматыда халықаралық фестивальге қатысқанда пайда болды.сол жиында үлкендерге, әжелерге қалай құрмет көрсетілетіні туралы айтылды. Содан кейін неліктен бізде де осындай шараларды ұйымдастырылмасқа деген ой туындады. Бұл ойымды, достар, интернат бірден қолдады. 

Нағыз өмір- зейнеткерлікке шыққаннан кейін ғана басталады, дейді барлық байқауға қатысушылар. Туыстары үшін бұл  бұл әжелер әрқашанда жеңімпаз.

 

Марина САХАРОВА, Гүлмира БАКТИЯРОВА