«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында павлодарлық еріктілер экомектептің аумағын тазартып, гүлдерін суарды. Осылайша қоргаған ортаның тазалығына өз үлестерін қосты. Бұны жас ұрпақ перзенттік парызымыз деп біледі. Экологиялық акцияға қатысып келген тілшіміз жалғастырсын.

«Таза Қазақстан» жалпыреспубликалық экологиялық акциясы шеңберінде әр облысқа жауапты күндері бекітіліп, сол күні еліміздің өңірлері челленжді қолдап шара өткізуді көздеді. Осылайша 18 маусым күні Павлодар облысының еріктілері бірқатар шара қолға алды. Солардың бірі – экомектепте өтті.

АНАСТАСИЯ ЛЕГОВИЧ, ЖАСТАР БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ

Жаз уақытында біз экологиялық мектеппен тығыз байланыс құрамыз. Экологиялық шеберлік сыныптарын, еріктілерге экскурсиялар өткіземіз, экологиялық тақырыптарға блиц-сұрақтарын құрастырамыз. Сондай-ақ, экомектептің аумағын тазартуға көмектесеміз. Ертіктілер қатарында оқушылар, студенттер бар.

Шараның негізгі мақсаты – жастардың экологиялық сауаттылығын арттыру, қоршаған ортаға деген құрметті көрсету.

ЕСКЕЛДІ БОЛАТОВ, ЕРІКТІ

Экологиялық школға келгенбіз. Гүлдері суарып, ойындар болады экологияға қатысты. 4-5 адам келдік. Біз жиі қатысып тұрамыз. Мысалы усолка, набережныйға барып, сондай шараларға барып отырамыз.

Айта кетсек, жыл басынан бері елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 400-ден астам іс-шара өтті. Оған 1 миллион 400 мың адам қатысқан, оның 82 мыңы ерікті жастар. Нәтижесінде 121 мың тоннадан астам қалдық жиналып, 584 мың гектар аумақ тазартылса, 1 миллион 700 мыңнан астам ағаш отырғызылды.

Самал Қалиқызы