Павлодар облысында еңбеккерлердің еңбек құқықтарын қорғау және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау заңнамасының орындалу барысы бойынша брифинг өтті. Биыл өңірдегі кәсіпорындар мен ұйымдарда 34 жазатайым оқиға тіркеліп, 35 адам зардап шекті. Оның бірі қайғылы аяқталған. Азаматтардың еңбек құқығын қорғау жолында қандай шаралар атқырылып жатыр? Тілшіміз тартқатсын.
Бүгінде Павлодар облысында меншік нысанына қарамастан, экономиканың барлық салаларындағы 3399-дан астам кәсіпорын еңбек тәуекелдерінің цифрлық картасымен қамтылған. Бұл жүйе 21 мемлекеттік ақпараттық жүйемен біріктірілген. Картаның арқасында жалақыны уақытылы төлемейтін, әлеуметтік төлемдер мен сақтандыру жарналарында кідіріс бар кәсіпорындар автоматты түрде анықталады.
АСҚАР ҚАПАНОВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ КОМИТЕТІ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
Биыл Облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарында 35 адам зардап шекті, оның ішінде біреуі адам өліммен аяқталған. Сондай-ақ осы жылы 5 ай ішінде мемлекеттік еңбек инспекторлары азаматтардың 641 өтінішін қарады, оның ішінде еңбек қатынастары бойынша - 578, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 63 өтініш келіп түсті. 174 құқық бұзушылық анықталды. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында жалпы сомасы 16,2 теңгені құрайтын 47 айыппұл келіп түсті.
Зардап шеккендердің басым бөлігі тау-кен металлургия және құрылыс саласында тіркелген. Жазатайым оқиғалар негізінен Павлодар және Екібастұз қалаларында орын алған.
ЕРБОЛ САЙФУРОВ, ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӨНІНДЕГІ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
Жазатайым оқиға болған кезде 1 тәуліктің ішінде бізге хабарлама беруі керек. Бізге т.скен хабар арқылы қандай жарақат алғанына байланысты медицина анықтамасы арқылы департаментпен тергеу жұмыстары басталады.
Қазіргі таңда облыс кәсіпорындарында 881 өндірістік кеңес жұмыс істейді. Олар жұмыс орнындағы еңбек жағдайын жақсарту және өндірістік жарақаттанудың алдын алумен айналысады.
ЕРБОЛ САЙФУРОВ, ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӨНІНДЕГІ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
Енді страховка бойынша ол жұмыс берушілердің жұмысы.Жарақат алған жұмыскерлерге, мүгедекдік алған жандарға мекеме страховка береді.Сақтандыру орталғы зардап шеккен қызметкерге қаржылай көмек көрсетеді.Зейнетке дейін белгіленген соммадан қаржылай ақша беріледі.
Қазіргі уақытта ҚР Үкіметі 2024-2030 жылдарға арналған қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын жүзеге асыруда. Бұл құжат еңбек қауіпсіздігі саласындағы жұмыс берушілерге қойылатын талаптарды оңтайландырып, өндірістік жарақаттануды азайту және мемлекеттік бақылауды күшейтуге бағытталған.
Дильназ Куанышбекқызы