Мемлекеттік қызметкерлер күні қарсаңында Павлодарда ерекше спорттық шара ұйымдастырылды. Облыс бойынша мемлекеттік қызметшілер арасында дәстүрлі түрде өтетін шағын-футбол турнирі биыл да жалғасын тапты. Жарыс орталық стадионда өтті.
Турнирге екі қала мен төрт ауданнан келген командалар қатысты. Әр өңірдің мемлекеттік қызметкерлері спорттық дайындықтарын көрсетіп, салауатты өмір салтын насихаттады. Қала және аудан әкімдіктерінің мемлекеттік қызметшілерімен қатар орталық мемлекеттік органдардың аумақтық департаменттері де өз ойыншыларын ұсынды.
Асхат Ескендіров, ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы
Осы мемлекеттік қызмет күні қарсаңында мини футбол жарысын өткізудеміз. Осындай жарыстар әдет ғұрыпқа айналған біздің облыс бойынша. Тек қана футбол емес, ұлттық ойындар мен интеллектуалды ойындарды өткіземіз. Бұл әрине Павлодар әкімдігінің спорт басқармасымен бірлесіп өткіземіз.
Турнир жыл сайын жоғары деңгейде өтеді. Қатысушылар бұл жолы да белсенділік танытты. Мемлекеттік қызметшілер мұндай шаралардан кейін сергіп, жаңа күшпен жұмысқа кірісетіндерін жеткізді.
Жасұлан Қаржаубаев, қатысушы
Осындай шараға алғаш рет келіп тұрмыз. Ал футболмен айналасып жүргенімізге 7 жылдай болып қалды. Әріптестерімізбен ойнап тұрамыз. Успен ауданында тұрамын. Қозыкеткен ауылдық округінде бас маман болып жұмыс істеймін. Мемлекеттік қызметкер болып жүргеніме 3 ай болды. Спорт жалпы жұмыстан бөлек денсаулыққа өте пайдалы нәрсе. Кейде жүгіріп тұру керек.
Жеңімпаз командалар арнайы кубоктармен, медальдармен және алғыс хаттармен марапатталатын болады. Спорт бірлік пен ынтымақтың негізі екенін дәлелдеген жарыс жоғары деңгейде өтті.
Сабина Жолдаспаева