Қаламызда өзге ұлт әскери қызметшілерінің арасында мемлекеттік тілді насихаттау, дәріптеу мақсатында “Мемлекеттік тіл-менің тілім” байқауы өтті. Шараға әр түрлі қалалардағы әскери бөлім қызметкерлері қатысты. Шара барысы тілші әңгімесінде.
Естай атындағы қалалық мәдениет үйінде өзге ұлт әскери қызметшілерінің басын біріктірген “Мемлекеттік тіл-менің тілім” байқауы тартысты өтті. Бұл байқауға бақ сынауға көршілес Өскемен, Семей, Курчатов, Павлодар қаларының мен мен деген әскери қызметкерлері қатыста.
Оған қоса Шараға төрағалық ететін комиссия мүшелері де өзара ақылдасып, бақ сынасқан жүйріктер арасынан үздігін таңдап, қатысушыларға әділ баға берді.
Айта кетсек 3 орынды 3514 әскери бөлімінің атынан қатысқан Данила Сидоров алды, 2 орынды 5512 әскери бөлімі лейтенанты Григорий Корнев иеленсе, бәрі күткен жеңімпаз атанған 6679 әскери бөлімінің ефрейторы Максим Королев.
Жеңімпаздар мадақтама грамоталармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Оған қоса алдағы уақытта да әскери қызметшілер мен сарбаздардың рухын көтеру мақсатында осындай шараларды ұйымдастыру жоспарлануда.
Салтанат Бауыржанқызы