Павлодарда «Ертіс толқыны» жобасы бастау алғаны белгілі. Осы мақсатта орталық жағалауда Ертіс ауданының талантты жастары өз қабілеттерін көрсетіп, өнерлерін ортаға салды. Толығырақ алдағы сюжетте.

Мамыр айынан бастап жаз бойы жастардың бос уақытын қамту мақсатында «Ертіс толқыны» жобасы басталды. Бұл жоба – аймақ жастары мен өнер сүйер қауымын біріктіретін, шығармашылықты қолдайтын және ұлттық рухты жаңғыртатын жаңа алаң болмақ. Жоба бес бірдей бағытты қамтиды. Мұнда алғаш рет Ертіс ауданының жастары қатысты.

МАДИНА КЕҢЕСОВА, ЖАСТАР БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ (ЕРТІС АУДАНЫ)

 «Ертіс толқыны» жобасы биыл алғаш рет ашылып отыр. Оның аясында әр аудан келіп, өздерінің өнерлерін көрсетеді. Міне, Ертіс ауданынан 50-ден астам қатысушылар келді. Басты мақсатымыз эастардың бойындағы өнерге деген сүйіспеншілікті оятып, олардың шығармашылығын қолдау мен дамыту. Осы шарада олар ән айтып, би билейді, гитара ойнаудан шеберлік сағаттары мен ашық аспан астында қала тұрғындарымен кино тамашалайды.

Сонымен орталық жағалауда бірнеше алаң ұйымдастырылды, ол әртүрлі тақырыптарға бөлінді. Қала тұрғындары көрме тамашалап, би билесе, балалар сурет салудан шеберлік сағаттарына қатысты. Шара аясында аудан жастары қарым-қабілеттерін көрсетіп ғана қоймай, дарынды әрі ынталы екендерін көрсете білді.

Мұндай шығармашылық шара жастардың әлеуетін танытады. Айта кетейік, қала тұрғындары мен қонақтары Ертіс ауданының өнерпаздары ұсынатын шараны алдағы екі күн бойы тамашалай алады.

Қымбат Садық