Қазақстан футболының Бірінші лига командалары арасындағы чемпионаттың 9-турында «Ертіске» маусымның көшбасшысы, актаулық «Каспий» командасы қонаққа келді. Деңгейлерін көтеруге таласып жүрген екі команда арасындағы ойын қалай аяқталды? Келесі материалда.
Бірінші таймда қарсыластар бір-біріне аса қауіп төндірген жоқ. Тек үзіліс алдында, 45-минутта «Каспий» шабуалшысы Мирас Тұрлыбек күтпеген гол соқты. (56-51).
Екінші таймда павлодарлықтар есепті теңестіруге мүмкіндік алды, алайда, гол бұйырмады. Есесіне 74-минутта қонақтар тағы бір соқты.
Осылайша, «Ертіс» чемпионатта алғаш рет жеңілді. Кестеде 4-орынға жайғасты. «Алтай-Өскемен», «Шахтер» командаларымен бірге 20 ұпайды иеленді. Ал, «Каспий» командасында 24 ұпай. Енді «Ертіс» 19-маусым күні Түркістан, 27-маусым күні астаналық «SD Family» командасымен ойнайды.
Жанасыл Серікбол