Жыл басынан Павлодар облыстық онкологиялық диспансеріне 979-ден астам есепке алынды. Оның ішінде 54 адам бас және мойын қатерлі ісігіне шалдыққан. Осыған орай 21 маусымда онкологиялық орталықта ашық есік күні өтеді.

Қазіргі уақытта Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінде 14 мыңнан астам адам тіркеуде тұр. Олардың қатарында 1037 адам бас және мойын қатерлі ісігі және 567 адам қуық безінің қатерлі ісігімен ауырады. Осыған орай осы сенбіде онколониялық диспансерде осы сырқаттардың алдын алу мақсатында ашық есік күні болады.

Сергей Борисенко, облыстық онкологиялық диспансерінің бөлім меңгерушісі

Бас және мойын қатерлі ісігі өте агрессивті түрде тез жайылады. Барлық жағдайда радикалды операция жасау мүмкін емес, сондықтан химия және сәулелік ем, таргетті терапия жүргізіледі. Қандай да бір өзгеріс болса, бірден дәрігерге көрінген дұрыс, емдеуге де жеңіл болады. Одан бөлек, ер адамдарда қуық асты безінің қатерлі ісігі кездеседі. Сондықтан 40-тан асқан ер адамдарға жылына бір рет тексерілуге кеңес береміз. Уақытында ем алса, сауығып шығуға болады.

Сонымен 21 маусым, сенбі күні Российская көшесі 57/3 көшесіндегі онкологиялық орталықта ашық есік күні өтеді. Алдын ала жазылусыз, жеке бас куәлігімен келіп дәрігерден кеңес алуға болады.

Самал Қалиқызы