Павлодар облыстық балалар ауруханасының хигург дәрігері елорда да өткен ҚР Денсаулық сақтау министрілігінің «Кәсіптің үздігі» республикалық байқауында «Ең үздік стационар дәрігері» номинациясы бойынша жеңіпаз атанды. Марапатты Астанада салтанатты түрде министр Ақмарал Әлназарова табыс етті.

Совет Смаилов Семей мемлекеттік медицина академиясын тәмәмдағаннан соң, 2004 жылы еңбек жолын облыстық балалар ауруханасында бастаған. Екі жыл бұрын «Үздік жас маман тәлімгері» байқауында жеңіске жетіп, арнайы төсбелгі иеленген. Ол балаларды жан тәнімен жақсы көреді, сондықтан мұндай марапат үшін өте қуанышты.

 СОВЕТ СМАИЛОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ХИРУРГ-ДӘРІГЕРІ

Бұл мен үшін күтпеген жағдай болды. Себебі Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының , аурухананың атын таныстыру оңай болған жоқ. Қобалжу болды. Денсаулық сақтау министрінен марапат алу мен үшін үлкен құрмет. Әлі де бойымды түрлі эмоция билеп тұр.

Совет Сляммұратұлы әріптестерінің арасында өте сыйлы әрі құрметке лайық жан. Себебі ол жас мамандарды даярлап, өз тәжірибесімен бөліседі.

Соңғы үш жылда Совет Смаилов алты мыңнан астам ота жасаған. Білікті балалар хирургінің жалпы еңбек өтілі 20 жылдан асады.

Дильназ Куанышбекқызы