“Таза Қазақстан” республикалық акциясы аясында Ақтоғай ауданында “Таза мекен-2025” атты шара өтті. Оған “Жасыл ел” жасағы мен еріктілер қатысты.

Ерекше бір бөле айтары, соңғы уақытта ауданда “Жасыл ел” ұйымына кіріп, еңбекке араласуға ниетті жастар саны артқан. Қазірдің өзінде 50 сарбаз күн құрғатпай тазалық жұмыстарымен айналысады. Ал, еріктілер саны былтыр 150 болса, биыл 250 ге жетті. Тазалық жұмыстары әр апта сайын барлық елді мекендерде өткізіліп отыр.

Назарбай Займолда, «Жас қанат» жастар ресурстық орталығының директоры

Жұма сайын сенбіліктер болады бізде ұйымдар мен бірлескен, еріктілермен бірлескен шараларымыз бар. Соның барлығын есептей келе 18000 мың тонна қоқыс шығарылған Ақтоғай ауданы бойынша. Бүнгі күнгі шарамызға белсенді қатысып жатыр, міне өздеріңіз көріп отырсыздар.

Ұйымдастырушылар тазалық жұмыстарына жастар айрықша белсенділікпен қатыстатындығын айтады.

Гузель Қапенова, «Жасыл ел» жасағының менеджері

Жыл сайын өтетін дәстүріміз. Балалар әрине өз болашақтары жайлы ойлайды. Тұрып жатқан аудандарын ойлайды. Сондықтан, қуана қатысады. Өздері Қазақстанның жақсы азаматтары ретінде көрсетеді.

Шара мақсаты жастар арасында экологиялық мәдениетті насихаттап, оларды елдің патриот перзенті болуға үндеу.

Жанасыл Серікбол