Квесттер, шығармашылық тапсырмалар мен тренингтер. Жаздың басында Бейсен Ахметов атындағы педагогикалық жоғары колледжде оқушыларға арналған жазғы бейіндік лагерь басталды. Бірінші маусымнан бастап қала мектептерінің оқушыларына арналған танымдық әрі қызықты бағдарлама ұйымдастырылған. Мұнда оқушылар бос уақыттарын пайдалы өткізіп, түрлі бағыттар бойынша білім алады.

Бейсен Ахметов атындағы педагогикалық жоғары колледж жанындағы жазғы лагерь тек біліммен шектелмейді. Бұл жұмысты қызықты әрі көңілді өткізеді. Сабаққа колледж оқытушыларымен қатар, жоғары курс студенттері де қатысып, өз мамандықтарын іс жүзінде сынап көреді.

КҮМІС ЖҰМАҒҰЛОВА, БЕЙСЕН АХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ

Бірінші маусымнан бастап колледж базасында қала мектептерінің 5-7 сынып оқушыларына арналған жазғы бағытталған лагерь жұмысын бастады. Лагерь төрт бағытты қамтиды. Олар IT, ағылшын тілі, қазақ тілі және орыс тілі.

IT сыныбы оқушылардың цифрлық дағдыларын дамытуға бағытталған. Мұнда балалар жасанды интеллектпен танысып, 3D-дизайн жасауды үйренеді. Сондай-ақ киберқауіпсіздікке қатысты тренингтер мен тақырыптық квесттерге қатысады. «Speak up shine» сыныбында ағылшын тілі ойындар мен шығармашылық тапсырмалар арқылы үйретеді. Бұл тәсілмен балалар сөздік қорын байытып, сөйлеу тілін дамытады. «Өнер алды – қызыл тіл» сыныбында оқушылар поэзия, проза, мақал-мәтелдер мен аңыздар арқылы қазақ тілінде көркем сөйлеуді меңгереді. Ал «Класс грамотеев» сыныбы балаларды сауатты жазуға, тілге деген сүйіспеншілікке баулиды.

КҮМІС ЖҰМАҒҰЛОВА, БЕЙСЕН АХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ

Лагерь демалыс уақытын пайдалы әрі қызықты өткізуді мақсат етеді.

Мамандардың айтуынша, Бейсен Ахметов атындағы педагогикалық жоғары колледж жанындағы жазғы лагерь жай ғана оқу орны емес. Бұл балалардың дағдыларын дамытуға арналған тиімді білім алаңы. Ең бастысы олар бұл жерден оқуға деген құлшыныспен қайтады.

Сабина Жолдаспаева