Облыста жол апаттарының саны азаймай тұр. Кәмелет жасына толмағандардың қатысуымен болатын жол көлік оқиғасы да көбейген. Мас күйінде көлік тізгіндейтіндер де аз емес.
Жол көлік оқиғасы жиі орын алатын бұзушылықтардың бірі. Биылғы жылдың бес айында болған оқиғалар көрсеткіші көңіл көншітпейді. «Қауіпсіз жол» шарасы кезінде анықталған фактілер осының айғағағы. Тұрғындар әлі де болса жол ережсін бұзуға, елемеуге бейіл.
Азамат Күркебаев, Павлодар облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары
Екі мың жиырма бесіншіжылдың бес айы бойынша. Кәмелет жасына толмағандардың қатысуымен болатын жол апаты саны да артқан. Жаяу жүргіншілердің қатысуымен болатын апат саны да 8 пайызға көбейген. Мас күйінде көлік жүргізетіндер де көп. Осы себептен болған апаттар саны 5 есег жуық көбейген.
Полиция қызметкерлері тұрғындарды жол ережесін қатаң ұстануға шақырады. Алыс жолдарда абай болуға, әркез жауапкершілік пен адам өмірін құрметтеуге үндейді.
Жанасыл Серікбол