Бір қызығы теректен ұшатын мамықтар аллергияға ұшыратпайды екен. Ол тек өзінің тозаңдарын шашу арқылы қала тұрғындары үшін біраз қолайсыздық тудырады. Сонымен қатар, ол механикалық тітіркендіруші болғандықтан, адамдарда ұсақ жөтел мен түшкірік пайда болады. Терек ұлпасы қанша қолайсыздық әкелгенімен, экологияға және мен адам ағзасына пайдасы зор екенін айтпасқа да болмайды.
Татьяна Пономарева, «Берегия-био» ҚҚ жетекшісі:
Бұл көгалдандыру үшін біріншілік тұқым. Терек барлық параметрлер бойынша, мәселен, эстетикалық, қорғаныш егер бар болса, Терек ағашы тозаңдаңғанымен, тұқым бермейтіні біз үшін таңсық жәйіт емес.
Экологтардың айтуынша, бұл ағаш қаланы жасыл түске бөлеп қана қоймай, адам өкпесіне шаң-тозаң еніп кетуден сақтайды. Мамандар халықты шыдамдылық танытуға шақырады. Өйткені, маусымның ортасына қарай бұл мамық тозаңдары қолайсыз тудыруын қояды. Теректің орташа өмір сүру ұзақтылығы 40 жыл және олардың саны қалада жыл сайын азайып келеді.
Жансая НҰРБЕКОВА, Дария ЖУМАБЕКОВА