Ақтоғай ауданында студенттік жастар еңбек жағасы құрылды. Бұл жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Ауыл» партиясы іске асырған бастамалардың бірі. Жастар жасағының ресми ашылу шарасына біздің түсірілім тобы да қатысып қайтты.
Студенттік жасақтар Ақтоғайдағы аграрлы техникалық колледждерінен құрылды. Жоба болашақ мамандарды қазірден бастап еңбекке үйретіп, мамандық сырын терең меңгеруге баулиды. Биыл жұмысшы мамандықтарға айрықша көңіл бөлініп отырғаны баршаға аян.
Жасақтардың құрылуы маңызды екендігін облыстық мәслихат төраағсы да атап өтті.
Илья Теренченко, облыстық мәслихат төрағасы
Бүгінгі таңда жұмысшы мамандарға сұраныс көп. Еліміз гүлденуде, кәсіпорындардамып жатыр. Сондықтан, жастарға мүмкіндік мол. Төрт кәсіпорында өздеріңнің кәсіптік дағдыларыңды қалыптастыруға үлкен мүмкіндік алдыңдар. Жұмысшы мамандық елдің болашағы.
Жасақ саны төртеу. Гидротехникалық, ветеринарлық, механикалық және экологиялық жасақ.
Осылайша 20 өңірде, соның ішінде ауылдық жерлерде студенттік жасақ құрылып, жазғы маусымдағы еңбегін бастап кетті. Олар өздері білім алып жатқан мамандықтары негізінде әр түрлі серіктестіктер мен қожалықтарда еңбек етпек.
Жанасыл Серікбол