Павлодар облыстық полиция департаментінде мектеп оқушылары мен студенттерге арналған ашық есік күні өтті. Шара 23 маусым – Қазақстан полициясы күніне орай ұйымдастырылды. Шараға 100-ден астам жасөспірім қатысты.

Ашық есік күні аясында жастар ішкі істер органдарының қызметімен жан-жақты танысты. Оларға тәртіп сақшыларының күнделікті жұмысы мен арнайы техникасы көрсетілді. Полиция қызметкерлері оқушыларға қылмыстың алдын алу, тәртіп бұзған азаматтарды ұстау, саусақ іздерін табу және жедел әрекет ету жолдарын көрсетті.

Лаура Байбек, Павлодар облысы полиция департаментінің тәрбие және кадр басқармасы басшысының орынбасары

Оның мақсаты құқық қорғау органдарымен қоғам арасындағы сенімді нығайту болып табылады. Бұл шара азамттарға полиция қызметі туралы көп білуге мүмкіндік береід. Сонымен қатар ҚР ІІМ ЖОО білім алуға мүмкіндік береді. Ішкі істер органдарына жұмысқа қабылдау бойынша жұмыстар тұрақты негізде Павлодар облысы полиция департаменті тұрақты түрде жүргізіледі.

Полицияның қару-жарақ көрмесі де қатысушылардың қызығушылығын тудырды. Жасөспірімдерге қолданылатын мылтық түрлері мен оларды қауіпсіз пайдалану ережелері таныстырылды. Қорғаныс әдістері мен арнайы құралдар көрсетілді. Полиция қызметкерлері күдіктіні дұрыс ұстау тәсілдерін тәжірибе жүзінде көрсетті.

Қарлығаш Айтжанова, Ә. Бөкейхан атындағы лицей мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Біз балаларымызды алып келдік осы шараға. Барлығы ұнап жатыр. Сіздерге көп рахмет.

Жас қатысушылар полицияның кинология бөлімінің жұмысын да тамашалады. Арнайы үйретілген қызметтік иттер есірткі заттарын табу тәсілдерін көрсетті. Сонымен қатар, төтенше жағдай кезінде алғашқы көмек көрсету, суға батқан адамды құтқару жолдары да үйретілді.

Айша Камитова, оқушы

Департамент полицияның өткізген шарасы өте қызықты болды. Иттермен жасаған жұмысы өте қызықты болды. Мен өскенде полиция болғым келеді.

Аиша Исламбекова, оқушы

Бүгінгі шараға рахмет. Менің туған күнім де полиция күнінде. Мен өскенде полиция болып жұмыс істегім келеді.

Шара барысында балалар патрульдік көліктің мүмкіндіктерімен де танысты. Қызметтік көліктің дыбыстық дабыл жүйесі, жарық шамдары мен ішкі құрылымы туралы толық ақпарат берілді. Жалпы, ашық есік күні – полиция қызметін жастарға таныстырумен қатар, олардың болашақ мамандықты таңдауда дұрыс бағыт алуына мүмкіндік берді.

Сабина Жолдаспаева