Павлодар облыстық мәслихатының сессиясында 2024 жылы өңірде атқарылған сұрақтар пысықталды. 2025-2028 жылдарға арналған облыс бюджеті нақтыланды. Толығырақ тілші сюжетінде.

2024 жылы Павлодар облысы бойынша бюджеттік түсімдер 492 млрд теңгені құрады. Жоспар 2,1 млрл теңгеге аса орындалған. Әлеуметтік міндеттемелерге бюджет қаражатының 56,8 пайызы жұмсалды.

Серік Батырғұжинов, Павлодар облысы әкімінің М.А

 30 мың жұмыс орны құрылды. Қоғамдық жұмыстарға 2700 адам жұмылдырылды. Жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыруға 442 адамга грант берілді. Біздің өңірге қоныс аударған 3200 адамға квота төленіп, баспана берілді.

Медициналық нысандардың құрылысына 4.4 млрд теңге бөлінді. 24 нысан қолданысқа берілді, 6-ауы шілде айында аяқталуы тиіс. Павлодар қаласындағы №1 ауруханада жаңарту жұмыстары әлі жүріп жатыр.

Сондай-ақ, Павлодар облысының 6 елдімекенінде су құбырын өткізу жұмыстары аяқталды. Аймақта жылу желілердің тозуы 85 пайыздан 77 пайызға төмендеді. Жылу магистарльдары жыл сайын жаңартылып отыр. Одан кейін 2025-2028 жылдарға арналған бюджет нақтыланды.

Ирина Назарчук, Павлодар облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы

Әлеуметтік бағытта 485 млн теңге Павлодар ауданы Бірлік ауылына мектеп алуға жұмсалады. 145 млн теңге мектептегі балаларды тамақтандыруға бөлінеді. Тағы 89 млн теңге Ақтоғай ауданындағы балабақшаны жаңартуға бөлінеді. Сондай-ақ, өрттің қауіпті кезеңіне байланысты мониторинг жүргізуге 30 млн теңге қарастырылмақ.

Сонымен, Павлодар облысының бюджеті 494,8 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде трансферттер сомасы 47,7 млрд теңге. Одан бөлек, сессия барысында Павлодар, Ақсу қаласы көшелерінің атауын өзгерту сұрағы ортаға тасталды.

Бұл сұрақты депутаттар бірауыздан қолдап, шешім қабылданды.

Самал Қалиқызы